Қариялардың барлығы шат-шадыман өмір сүріп жатыр десек, жалған болар.
Елде төрт мыңға тарта зейнеткер қарттар үйінде тұрады. Қуаты қайтып, қартайған шағында барар тау, басар жері қалмаған қарашаға 45 орталық қызмет көрсетеді. Бұл тағдырдың талайынан өткен жандардың жан тыныштығын тауып, бас сауғалайтын жалғыз мекені. Бауыр еті баласынан жырақ, ағайыннан алыс күн кешіп жатқан жұрттың жан күйзелесі мен көңіл қуанышы.
Қарттар үйі - 45 мекеме
Орталық тұрғындары - 3 547 адам
Ерлер - 2 058
Әйелдер - 1 489
Серік Мұсаев. Жетпістің алтауын алқымдаған ақсақал қарттар үйінде тұрады. Жастық шақта күйбен тіршілікті күйттеп жүріп жар сүюге мұршасы болмады. Отбасын құрмағандықтан ізінен ерген бала да жоқ. Енді қартайған шағында мемлекеттік мекемеде тұруға мәжбүр. Қолымды уақытынан кеш сермедім дейді өзі.
Серік Мұсаев, қарттар үйінің тұрғыны:
- Жастық шақта үйленген жоқпын. Інілеріме көмек беремін деп жұмыс істеп, әке-шешемді бақтым. Осылай өмір өтті. Сосын қартайғанда қарттар үйіне келдім. Бұл жақта жағдай жақсы. 3 мезгіл тамағын береді. Киімімді жуады. Шашты ол алады. Моншаға апарады. Анда-санда концертке апарады.
Ал Оразай Құрбановтың балалары бар. Ағайындары да аз емес. Алайда қариялықтың қазыналы күндерін жақындарынан жырақта өткізуді шешіп, бас қаладағы қарттар үйін паналады. "Жан қалауым - осы",- дейді өзі. Дегенмен, көңілінде әлдебір кірбің бар секілді көрінді.
Оразай Құрбанов, қарттар үйінің тұрғыны:
- Екі балам бар, қыз балам, ұл балам бар. Қыз балам, институт бітірген, 4 баласы бар. Ұлда 2 бала бар, 2 немерем. Анда 4 немерем бар. Аздап өскен уже, ата деп мені звандап тұрады. Өзім айттым, келмеңдер, алыс жер Павлодардыкімын, Баяндыкі.
Мұнда кейіпкерлеріміз секілді күн кешіп жатқан жандар аз емес. Айталық, "Шарапат" орталығында 207 қарт тұрады. Оларға 350 астам маман қызмет көрсетеді. Күнделікті қажетті күтімінен бастап, қариялардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру да мемекеме қызметкерлерінің міндетіне кіреді.
Ардақ Сейітова, "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:
- 1 айда, мысалы, біз орташа өзіміз есепке алғанда 12 мәдегни іс шараны өткіземіз. Бұл үлкен іс-шаралар, оның арасында кішігірім іс-шаралар өтіп тұрады. 8-9 айды алған кезде бізде 200-ден аса іс-шара болады. Осы жерде біз әр мейрамымызды өткізіп, отырамыз, туған күнімізді атап өтеміз, діни мерекелерді атап өтеміз жәнеде әрқайсының діни көзқарасын қолдап отырамыз.
Мұнда келген қарттардың қайта отбасына оралуы некен-саяқ. Тіпті ағайын-туыстары ақтық сапарға шығарып салуға да келмейтін көрінеді. Сол себепті зейнеткерлерді жерлеу мекеме мамандарының мойнында. Мәселен, былтыр мұнда 33 жанның жаназа намазы оқылды.
Ардақ Сейітова, "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:
- Мұсылмандарды біз қазақи дәстүрде, канондық жағдайларды ұстана отыра жерлейміз және христиан, басқа да дін өкілдерін олардың қалауы бойынша, заңға сәйкес библяға сүйене отырып қамтамасыз етеміз. 4-5 адамды ғана ағайын туыс еліне, жеріне алып кетеді. Қалған адамдарды мемлекеттік тараптан мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ритуалды рәсімдер қызметін сатып аламыз. Бүгінгі күні оны 220 мың мен 250 мыңың арпалығы.
Ал биылдыққа қарттар үйінде 29 жан жантәсілім етті. Өмір бар жерде өлім бары белгілі. Ең өкініштісі, қарттар ғұмырының соңғы сәттерін жақындарынан жырақта өткізді.
Шернияз Жалғасбекұлы, Нұрғали Мамырбаев
Тегтер #Қарттар күні #қазан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz