RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде 2,5 миллион зейнеткер бар

01.10.2025, 18:26 311

Қазір елімізде зейнеткерлік жасына жеткен 2 жарым миллионнан астам адам бар.

Биылғы  1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 8 жарым пайызға өсті. Базалық зейнетақы мөлшері де сәл көтерілді. 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай Еңбек министрлігі осындай деректермен бөлісті. 1 тамыздағы жағдай бойынша, зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 2 жарым трлн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Оның ішінде базалық зейнетақыға – 793 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 658 млрд теңгеден астам бағытталды. Бүгіне елдегі орташа жиынтық зейнетақының  мөлшері – 143 097 теңгені құрайды. Өңірлерде 127 «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары» жұмыс істеп тұр. Биыл олардың қызметіне жергілікті бюджеттерден 7 жарым млрд теңге қарастырылған. 

Зейнеткер саны - 2,5 млн-нан астам 

Ынтымақты зейнетақы - 8,5%

Зейнетақы төленді - ₸ 2 трлн 451,4 млрд

Базалық зейнетақы - ₸ 793 млрд

Ынтымақты зейнетақы - ₸ 1 трлн 658,4 млрд

Орташа жиынтық зейнетақы - ₸ 143 097

«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» - 127

Анель Шенеева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқармасының басшысы:

- 2025 жылдың 1 қыркүйегі бойынша бізде зейнетақының орташа мөлшері 142 мың 800 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақтық зейнетақы мөлшері 95300 теңгені құраса, ал базалық зейнетақының мөлшері 47500 теңгені құрады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz