RU
Толық нұсқаға өту

Биыл 600-ге жуық орман өрті тікрелді

01.10.2025, 23:51 458

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қаупі сейілсе де орман өртін тәулік бойы қадағалап отыр.

Жыл басынан бері елімізде 570 орман және 40 дала өрті тіркелген. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт оқиғаларын бақылауға алу үшін «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында 72 пункті іске қосты. Биылдың өзінде елуге жуық жаңа пункт ашылып, 21 өрт сөндіру бекеті қайта жаңартылды. Ал аталған аумақтарды күзетуге сол ауылдың азаматтары ат салысады. Тұрғындар тілсіз жауды ауыздықтау үшін арнайы оқу-жаттығудан өтеді. Енді жыл соңына дейін тағы 69 бекет іске қосылмақ.

Ерлан Төрегелдиев, ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасы:

- Өткен жылмен салыстырғанда табиғи өрттердің өсуіне қарамастан, уақтылы және жұмылып әрекет етудің арқасында ірі табиғи өрттер орын алған жоқ. Қазір өрт қауіпті кезең аяқталуға жақындады. Дегенмен, шөптің өсімі мен ауа райын ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігі жоғары дайындық режимінде жұмысын жалғастыруда және өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz