Жұмысшылар шамамен 3 метр тереңдікте жүргенінде жер опырылып, үйінді астында қалған. Оларды дереу сыртқа шығарғып, алғашқы көмек көрсеткенімен құтқара алмады.
Қаза болғандардың бірі -18, екіншісі - 41 жаста. Қаланы сумен жабдықтаушы компания марқұм болғандар мердігер ұйымның жұмысшылары екенін мәлімдеді. Компания ақтық сапарға шығарып салуға көмектеседі. Қазір полиция департаменті оқыс жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Бақытжан Құдияров, облыстық ПД ресми өкілі:
- ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-тармағына сәйкес «Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған құрылыс немесе тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта жедел тергеу қызметкерлерімен оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қарағанды
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz