Енді Қазақстан мен Армения азаматтары екі ел арасында 90 күнге дейін визасыз режимде тұрақтай алады. Бұл ретте қазақстандықтарда жеке куәлік, ал Армения азаматтарында сәйкестендіру картасы болса жеткілікті.
Сондай-ақ азаматтар барған мемлекеттің құзыретті органдарында 30 күн ішінде тіркелуге де міндеттелмейді. Бұл туралы бүгін Сенат отырысында айтылып, қос мемлекет арасында көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мақұлданды. Келісім тараптар арасында әлеуметтік-экономикалық байланысты нығайтып, азаматтардың екі ел аумағында уақытша тұрақтауына қолайлы жағдай туғызу мақсатын және заңсыз көші-қон қызметіне тосқауыл қоюды көздейді. Сондай-ақ визасыз режим туризмнің дамуына жол ашып, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі серіктестікке тың серпін бермек.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Қаралған заңдар Қазақстан мен Армения арасында көші-қон процестерін құқықтық реттеу тетіктерін жетілдіруді көздейді. Бұл ретте елдердің статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпаратпен алмасуға келісті. Сонымен қатар келісім аясында сапарлар үшін қажетті құжаттар тізбесі кеңейтіліп отыр. Соған сәйкес, қазақстандықтар Арменияға жеке куәлік арқылы бара алатын болады. Жалпы мақұлданған заңдар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Армения #визаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz