«Түрксой» ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған шара аясында киносаммит өтіп, бірнеше меморандумға қол қойылды.
Иә, кешелі бері күллі түркі әлемінің, соның ішінде киносүйер қауымның назары Ақтауға ауды. Маңғыстауға Түркия, Мажарстан, Әзербайжан, қырғыз-түркімен және Қазақстанның ұлттық кино компаниялары және есімі әлемге танымал әртістер келді. Бүгін «Достық» үйінде киносаммит өтіп, бауырлас түркі елдерінің киноөнері мамандары ынтымақтастық туралы мемордумға қол қойды. Бұл құжаттар нені көздейді? Осы сауалды ұлттық киноны қолдау орталығының өкіліне қойдық.
Маңғыстау жеріндегі алғаш өтіп жатқан ауқымды шара 5 күн бойы жалғасады. Ертең түркі тілдес мемлекеттерден келген делегациялар Айрақты тауына саяхаттап барады. Мұндағы мақсат - шетелдік кино режиссерлер мен әртістерге өлкенің көрнекті жерлерін дәріптеп, кино-деректі фильм түсіруге ыңғайлы орындарын көрсету.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АқтауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz