RU
Толық нұсқаға өту

Digital Bridge: бірегей отандық IT-стартап таныстырылды

02.10.2025, 23:39 321

Digital Bridge форумында отандық жас стартапшылар креативті IT жобаларын ұсынды, деп хабарлайды 24kz.

Соның қатарында Blink AI AL жобасы бар. Жасанды интеллект негізінде әзірленген бағдарлама бейнеконференцияларды қорытынды мәтіндік құжатқа түрлендіреді және негізгі міндеттерді бөліп көрсетеді. Жоба қазірдің өзінде 350 мың доллардан астам инвестиция тартып, бірқатар қазақстандық банктер мен компаниялардың қызығушылығын тудырды.

Әділхан Рашит, жоба авторы:

- Бұл ZOOM-ның баламасы. Топ жиналып, әңгімелеседі. Жүйе барлық әңгімені есінде сақтап, оны тапсырмаға айналдырып, шешу жолдарын кейін жүйенің ішінен бақылауға болады. Көптеген кездесулер өтеді, бірақ олар еш жерде сақталмайды. Енді жасанды интеллектінің көмегімен бұл мәселе шешіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz