RU
Толық нұсқаға өту

Құрыш білекті, болат мінезді металлург

03.10.2025, 09:13 367

Металлургия - экономиканың басты драйверінің бірі.

Осы маңызды ауыр салада табандылықпен еңбек етіп, мамандыққа адал болып жүрген жандар жетерлік.

Ерлан Сыздықов Балқаш мыс балқыту зауытындағы алғашқы қадамын 1985 жылы қарапайым жұмысшы ретінде бастаған. Қазір учаске бастығы. Тәуелсіздік алғаннан кейін жылдары кәсіпорынның қайта қалыптасуына атсалысты. 

Ерлан Сыздықов, металлург:

- 90-жылдары ауылдан келген туысқандар айтатын, мұржадан түтін кетті, қаланың сәні кетіпті деп. Сол кезде: аға зауытты қайта көтереміз, әлі өркендейміз дейтінмін. Жарты жылдай ақшасыз еңбек еттік. 

Ұзақ жылғы еңбек ескерусіз қалмады. Ерлан Сыздықов былтыр III дәрежелі "Еңбек даңқы" төсбелгісімен марапатталса, биыл "Еңбек жолы" облыстық байқауында жеңімпаз атанды. 

Ерлан Сыздықов, металлург:

- Металлург жұмысын сіздің денеңіз шынықса, жүрегіңіз шынықса сіз үйренесіз. Бірақ әрине қиын. Бұл салада еңбек етіп жатқан жігіттер өздерінің отбасын асырауға, отанға үлес қосып жатқандар.

Ерлан Сыздықов екі ұл тәрбиелейді. Үлкені әке  жолын қуып, әйелімен  осы зауытта еңбек етеді. «Атадан мал емес, мамандық қалсын» деген қағиданы ұстанған еңбек әулеті көпке үлгі.

Бақдәулет Оразалиев, әріптесі:

- Ерлан Құдайберліұлымен 2003 жылдан бастап бірге істейміз. 20 жылдай болды. Дос ретінде де, маман ретінде де өте жақсы кісі. Өз мамандығын жақсы меңгерген, жастарға жақсы үйретеді. Жақсы отбасы, үлгі алатын отбасы.

Балқаш мыс балқыту зауыты түсті металлургия саласында елдегі ірі кәсіпорын. Мұнда 6 мың адам еңбек етеді. Ел дамуына қажырлы  еңбегімен үлес қосып жүрген осындай металлургтер қандай құрметке болсын лайық. 

Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz