RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде Ертіс өзенінің үстінен көпір салынады

03.10.2025, 15:49 422

 Ұзындығы 800 метрден асатын өткел құрылысына қытайлық инвестор қаржы құюға әзір.

Жергілікті билік пен шетелдік компания арасында меморандум жасалды. Жобаның алғашқы құны шамамен 115 млрд теңге. Алайда нарық бағамына қарай бұл баға өзгеруі мүмкін, дейді жауаптылар. 

Ертістің үстімен өтетін мына ескі көпір қаланы жаңа шағынаудандармен жалғайды. Тәулігіне шамамен 70 мың көлік жүреді. Жарты ғасыр бұрын салынған нысан тозған. Егер жөндеуге жабылса арғы бетпен қатынас үзіледі. Сондықтан тағы бір көпір керек. Қалаға тағы бір көпірдің қажеттігі 20 жылдан бері айтылып келеді. Одан бері де шаһардағы көлік саны 40 мыңға өсті. Өзеннің арғы бетінде жаңа шағын аудан бой көтерді.  Қоғам белсендісі Роман Честных жаңа көпір салмай сол жағалауды дамыту мүмкін емес дейді. 

Роман Честных, қоғам белсендісі:

- Қазір қаланың сол жағалауын дамыту мәселесі күн тәртібінде тұр. Ол үшін ең бірінші көпір салу қажет. Жаңа көпір құрылысы осыған дейін бас жоспарда нақытланып, міндеттелген. Бірақ бүгінге дейін қаржы тапшылығынан іске асырылмады. 

Мамандар жаңа көпірдің құнын шамамен 115 млрд теңге деп болжап отыр. Мұнша қаржыны қала қазынасы көтермейді.  Сондықтан, әкімдік бұл жобаға шетелдік инвесторларды тартуда. Қытайлық компаниямен алдын ала келісім жасалды.

Нұрбек Тұраров, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары:

- Қала қазынасына түсетін салмақты азайту үшін қытайлық компаниямен меморандумға қол қойдық. Біз өз тарпымыздан нысанның сметалық жобасын жасадық. Шетелдік компанияға мемлекеттік кепілдік беру үшін үкіметпен келісім жүріп жатыр. 

Көпір құрылысына кететін қаржы көлемі алдағы уақытта өзгеруі мүмкін. Ірі жобаға кететін шыған әлі де нақты зерттеледі.   

Елдос Кәкенов, Вячеслав Ветлугин және Дмитрий Пыхтин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz