Бүгінде елдегі жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 6,8%-ды құрайды. Елордада өткен форум қатысушылары бұл бағытты да дамыту тақырыбына терең үңілді.
Көптеген әлем елдерімен қатар Қазақстанда да бұл бағыт қарқын алған. Біздің мақсатымыз 2030 жылға қарай көміртекті бейтараптылық деңгейін 15%-ға жеткізу. Ал биылғы ахуалды бағалай келе бұл көрсеткішті 25%-дан асыруға мүмкіндігіміз бар. Бұл жайында Кеgoc акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов айтты.
Нәби Айтжанов, «Кegoc» АҚ басқарма төрағасы:
- Жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша бірнеше ірі жоба бар. Олар үкіметаралық келісімдер аясында жүзеге асырылады. Мысалы, «Тоталь» маздар, «Спих», «Чайна энерджи» компанияларымен ірі РРА келісімшарттар жасалған. Бұл контрактілер 5 ГВ-ға жуық жаңартылатын қуат көзін өндіруді көздейді. Оған қоса 2035 жылға дейін аукцион өткізу жоспарымыз бар.
Көмірді жаңа технология арқылы қолдану
«Жаңартылатын энергия көздері елде негізгі қуат көзіне айнала алмайды. Оған климаттық ерекшелігіміз мүмкіндік бермейді. Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов қуат көзін таңдағанда теңгерімділік қажет», - дейді.
Айтуынша, егер еліміздің оңтүстік өңірлерінде жаңартылатын қуат көздерін дамытуға мүмкіндік болса, одан бас тартпау қажет. Бірақ үздіксіз жылу мен қуат беретін орнықты жүйе құруды ұмытпағанымыз абзал.
Болат Ақшолақов, Қазақстан инвесторлар қауымдастығы кеңесінің төрағасы:
- Бұл мәселе жөнінде Мемлекет басшысы Жолдауында да айтты. Яғни қайтадан көмірге назар аударуымыз қажет. Себебі әзірше көмір энергетика саласы үшін негізгі бағалы шикізат саналады. Тек заманауи технологияларды қолдану арқылы көмірдің зиянды шығарындыларын азайту мәселесін шешуіміз керек. Бүгінде көмірді қауіпсіз қолдануға мүмкіндік беретін заманауи станциялар түрі бар. Сонымен қатар көмірді жақпай-ақ, одан химиялық жолмен синтетикалық газ алу тәсілдері жеткілікті. Кейін оны газ-турбиналы станцияларда қолдануға болады. Бізге осындай теңгерім қажет.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #энергетика #қуат көзі #көмірPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz