Биыл Қарағанды облысында 3,2 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 7 пайызға артық.
Әсіресе өңдеу өнеркәсібінің үлесі артып келеді. Металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі ұлғайған. Бұл туралы Президент қабылдауында болған аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді. Оның айтуынша, облыста барлық негізгі көрсеткіш бойынша тұрақты өсім байқалады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 650 млрд теңгеге жуықтаған. Биыл құны 195 млрд теңге болатын 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2 700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. 2030 жылға дейінгі жоспарда құны 4,5 трлн теңгені құрайтын 120 ірі жобаның пулы жасақталды. Бұл бастамалар 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде Президент өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:
- «Qarmet» кәсіпорның жаңғырту бойынша баяндадым. Компания жоспарға сәйкес, модернизация жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Президентке алдағы жылыту маусымына дайындық және егін науқаны жөнінде есеп бердім. Бүгінде күзгі науқан аяқталуға жақын. Мемлекет басшысы егін ору жұмысын уақытылы аяқтап, жылыту маусымын тұрақты өткізуді тапсырды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #Қарағанды #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz