RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда Көлік қауіпсіздігі форумы өтті

03.10.2025, 19:27 345

Теміржолда қауіпсіздікті сақтау мақсатында жылжымалы құрамды тексерудің жаңа автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Соның нәтижесінде биыл заң бұзушылық 5 пайызға азайды. 

Бұл туралы Алматыда өткен «Көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру» атты VI Еуразиялық форумында айтылды. Шараға жақын және алыс шетелден 300-ге тарта маман жиналды. Олар цифрлық шешімдерді енгізу және интеллектуалды көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін бірге талқылады. Атап айтқанда,  қашықтан диагностикалау, үздіксіз бақылау және теміржол көлігіндегі компьютерлік модельдеу технологиясы бойынша пікір алмасты. Оған қоса теміржол қауіпсіздігі, цифрлық трансформация, автомобиль, әуе және су көлігін дамыту, білікті кадрларды даярлауға қатысты мәселелер жиынның өзегіне айналды.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ең алдымен жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігін қатаң сақтау керек. Әрине, мұндай форумдар бірінші кезекте халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайтады. Сондықтан бұл локомотив, жүк тасымалдаушылар және жалпы теміржолдың барлық секторына өте маңызды дер едім.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz