RU
Толық нұсқаға өту

Astana hub стартаптар байқауы аяқталды

03.10.2025, 19:35 383

Бүгін Astana hub battle стартаптар байқауының жеңімпаздары анықталды. 125 мың АҚШ долларының жүлдесін бес түрлі аталым бойынша жеңімпаз атанған компаниялар өзара теңдей бөлісті. Олардың қатарында We Global, Mind shield, Moon AI, Trust Exam және MIRAI стартаптары бар.

Сонымен бірге Flection AI  мен Macdent компаниялары серіктестердің арнайы сыйлығын иеленді. Digital Bridge аясында ұйымдастырылған сынға 80 компания іріктелген еді. Ақтық мәреге 15-і ғана өтті. Әр стартаптың өкілі үш минутта жобасын таныстырып, нарықтағы өтімділігін дәлелдеуге тырысты. Жалпы стартаптар байқауына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан және басқа елдердің инновациялық жобалары қатысты. Қазылардың құрамы да осал емес. Араларында телеграм каналының негізін қалаушы Павел Дуров, Индрайв басшысы Арсен Томский, әйгілі банкир Михаил Ломтадзе мен жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Қазақтелеком басшысы Бағдат Мусин  бар.    

Әшімбек Әбілғазинов, Аstana hub бас менеджері:

- Жыл сайын көп өтініш қабылдаймыз. Мәселен, биыл 180 компания өзін сынап көрді. Дегенмен тек 80-і полуфиналға кірді. Әртүрлі  бағытта жұмыс істейді. Олар: «Финтэк», көбінесе AI. Қазіргі таңда AI маңызды рөль атқарады. Көбінесе AI-мен және ғылыми бағытта жұмыс істейтін стартаптар бар. Нақтырақ айтатын болсақ – «Мирай Тэк». Яғни сондай сияқты компаниялар көп. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz