RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында ұстаздар марапатталды

03.10.2025, 21:15 380

Қызылорда облысында үш ауысымда білім беру мәселесі толық шешімін тапты. Бұл туралы «Ұстаз – ұлы есім!» атты мұғалімдер күніне арналған салтанатты шарада айтылды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, марапаттады. Мемлекеттік нагдаралармен қатар Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімінің марапаттары табысталды.

Қызылорда облысында соңғы үш жылда «Келешек мектептері» жобасы аясында 10 мектеп салынды. Мұнан бөлек, бірқатар оқу ошағының ғимараты кеңейтілді. Кейбір апатты мектептердің орнына демеушілер есебінен, жаңа білім ұялары бой көтерді. Өңірде үш ауысымда білім беру мәселесі шешілді. Саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы игі бастамалар жалғаса береді,-деді облыс әкімі салтанатты шарада.

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:                        

- Биыл облысымыздың бюджеті 850 млрд теңгеден асты. 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 346 млрд 800 млн теңгесі білім саласына бағытталды. Бұл облыс бюджетінің 40 пайызын құрайды.

Нұрлыбек Нәлібаев ұлағат иелеріне мемлекеттік нагдаралармен қатар, Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімінің марапатын табыстады.

Жақсыгүл Тоғанова, Педагогикалық жоғары колледж директоры

- Бұл шарада педагог мәртебесінің үстем болғаны деп есептеймін. Мемлекеттік награда «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталдым.

Балнұр Жарасбекова, мұғалім:

- Биыл педагогикалық идеялар фестиваліне барып, республика бойынша жүлделі орынға ие болдым. Шипажайға жолдама ұтып алдым.

Шәкірті түрлі білім олимпиадасы мен ғылыми жоба байқауында топ жарған педагогтер де арнайы сыйлыққа ие болды.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz