Түркістанда ұстаздар күніне орай ата-аналар үшін ашық есік күні өтті. Алдымен ата-аналар заман талабына сай жасақталған пән кабинеттерін аралап көрді.
Өтеғұл елді мекенінде орналасқан жалпы білім беретін «Келешек мектебі» 300 орынға арналған. Мектептің ішкі тәртібі, оқу кабинеттері, заманауи жабдықталған сыныптар мен оқушылардың жан-жақты дамуына арналған қосымша үйірмелердің жұмысымен танысты. Оқу процесінің ерекшелігі мен цифрлық білім беру платформасының мүмкіндігіне қанықты. Одан бөлек «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты мерекелік шара өтті. Онда өңірдің білім саласына аянбай еңбек етіп, шәкірттері халықаралық олимпиадаларда топ жарып жүрген ұлағатты ұстаздар ұлықталды.
Бексұлтан Оразхан, Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназияның информатика-робототехника пәнінің мұғалімі:
- Осының барлығы шәкірттерімнің жетістігінің нәтижесі. Атап өтетін жағдай, Грекияның Сафикон қаласында болған робототехникадан әлем чемпионатында оқушыларымыз еліміздің намысын қорғап, 3 орын алып, жеңіс тұғырынан көрінді. Сол себепті осындай марапатқа ие болып жатқанымызға қуаныштымын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Түркістан #ұстаздарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz