RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында «ТНК» серіктестігі ауылдарды көркейтуге 8,5 млрд теңге бөлген

03.10.2025, 21:23 415

Ақмола облысындағы «ТНК» серіктестігі соңғы 10 жылда ауылдарды көркейтуге 8,5 млрд теңге бөлді. Қомақты қаржыға Жақсы ауданында жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді.

Аудан орталығы мен ауылдарда бірнеше спорт кешені салынды. Қазір онда 1 мыңға жуық бала спортпен тегін шұғылданады. Сондай-ақ  ірі серіктестік 2 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Жақсы ауылындағы мына медицианалық нысан былтыр қолданысқа берілді. Қазір мұнда 20 дәрігер жұмыс істейді. Орталық толығымен заманауи қондырғылармен жабдықталған. Медициналық нысанның құрылысына серіктестік 306 млн теңге бағыттаған.

Жанайдар Қажденбеков, дәрігер:

- Бұл орталықта Жақсы ауданының тұрғындары қолжетімді, барлық сирек кездесетін мамандардың көмегін қолжетімді қабылдай алады. Аудан тұрғындары ешқандай қала, облыс орталығына баруға бұрынғындай қажеті жоқ.

Серіктестік тек аудан орталығында ғана емес, ауылдарға да көп көңіл бөледі. Мәселен, Жаңа Қима және Белағаш ауылдарына жаңа спорт кешенін салып берген. Қазір қос нысанда 200-ге жуық бала спорттың бірнеше түрімен айналысып жүр.

Дәулет Әшірханов, Жаңа Қима ауылының тұрғыны:

- Осы мектепте менің де балам қатысады. Ол бокс бөлімінде жаттығады. Бұл ауылда бұрын-соңды мұндай спорт кешені болмаған. Қазір спорт кешені ашылып, балаларға барлық жағдай жасалған. Өзім ата-ана, жаттықтырушы ретінде өз алғысымды білдіремін.

Дәл осындай заманауи спорт нысанының бірін кәсіп иелері Бурабай ауданында да ашқан. 1200 орынға арналған кешенде түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ серіктестік бастамасымен аудан орталығында қос пәтерлі 50 үй салынды. Бұдан бөлек биыл алғаш рет құны 700 млн теңге болатын балалар ойын сауық орталығы пайдалануға берілді.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz