Олжас Бектенов үздік отандық IT-жобалар мен цифрлық бастамалардың авторларын марапаттады.
Премьер-министр Digital Bridge халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысты. Ол жасанды интеллектіні цифрландыру және енгізу Президент айқындап берген ел дамуының басым бағыты екенін атап өтті. Бүгінде еліміз «электронды үкіметті» дамыту бойынша әлемде 24, онлайн қызметтер бойынша 10-орында тұр. Үкімет жасанды интеллект және IT-мамандарына қолайлы жағдай жасау үшін қарқынды жұмыс жүргізуде. Бүгінде 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бағдарламалары іске қосылған. Шамамен 500 мың адам жасанды зерде негіздері бойынша білім алуда. Жыл соңына дейін IT-қызметтер экспортының көлемін 1 млрд долларға жеткізуді мақсат еткен стратегиялық жоспар жүзеге асып жатыр.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуға баса назар аударып, Қазақстанды алдағы үш жыл ішінде нағыз цифрлық елге айналдыру туралы міндет қойды. Үкімет жасанды интеллект және ІТ мамандары қолайлы жағдайдың барлығын жасау үшін белсенді жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда экожүйенің инфрақұрылымы үздіксіз кеңейіп жатыр. Білім беру ресурстары да азаматтарға қолжетімді.
Тегтер #IT жоба #цифрлық #Digital Bridge 2025 #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz