RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында «Auyl Jastary» форумы өтті

04.10.2025, 20:19 393

Түркістан облысында «Auyl Jastary» республикалық форумы өтті.

Төлеби ауданында ұйымдастырылған шараға еліміздің 20 өңірінен 300-ге жуық белсенді жас қатысты. Форум тек мотивациялық емес, стратегиялық сипатқа да ие болды. Көшбасшы жастардың айтуынша, ауылдық жастар еліміздің негізгі даму ресурстарының бірі болып табылады. Сондықтан басқосуда ауылды жерде жастарды қолдауға бағытталған шараларға баса назар аударылды. Ауылдық жастарды жұмыспен қамту, тұрмыс сапасын жақсарту, өз кәсібін ашуға қолдау көрсету мәселесі сөз болды. Сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллектті ауыл өміріне енгізу, жаңа бастамаларды іске асыру жолдары талқыланды. 

Ерболат Саурықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ауылдағы жастарға бүгінде жұмыс тауып беру мәселесі өте қиынға айналып тұр. Сондықтан мемлекеттік тұрғыдан біз бағдарламаларды күшейтуіміз керек. “Дипломмен ауылға” сияқты бағдарламалардың кемінде 10 шақтысы болу керек! Біз қайткен күнде де ауылдан шыққан жастарды ауылға қайтып әкелу мәселесін және ауылдың көркеюі үшін жұмыс жасайтын боламыз!

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz