RU
Толық нұсқаға өту

Елордада білімділер бәйгесі басталды

05.10.2025, 09:13 350

Бас қалада халықаралық білім бәйгесі басталды. Бұл NASA International Space Apps Challenge атты жаһандағы ең ірі хакатонның ел ішілік іріктеу кезеңі.

Ақылдылар айқасы әлемнің 550-ден астам қаласында өтіп жатыр. Оған жыл сайын 10 мыңнан астам адам қатысады. 

Александр Лукашевич халықаралық білім бәйгесінің біздегі ұйымдастырушысы. Жыл сайын жүздеген жасты жиып, оқ бойық озық шыққандарын жаһандық жарысқа дайындайды. Мұғалімдер үшін де біліміне білік қосатын жиындарды өткізіп жүр. Өзі де педагог. Айтайық, бұл бәсеке Қазақстанда 10 жыл  қатарынан ұйымдастырылып отыр. Биылғы бас қаладағы бәйгеге 250 жас қатысып жатыр. Олар өз стартап идеяларын ортаға салуда.

Александр Лукашевич, ұйымдастырушы:

- Өзім де бұрын қазақ тілінен олимпиадаға қатысқанмын. Оқушы кезімде түрлі концерттер ұйымдастырып, тіл және басқа да дағдыларымды меңгердім. Сол кезде мен үшін үлкен әлеуметтік лифт болды деп санаймын. Жасөспірімдерге осындай мүмкіндік  жасау арқылы ұлы ақын Абай Құнанбайұлы айтқандай, «Кетігін тап та бар қалаң, сен де бір кірпіш дүниеге» деп, олар да өз кетігін тауып, қалаңсын деп, осы миссиямызды іске асырып жатырмыз.

Ақылдылар айқасында бақсынағандардың бірі Бірдіәлі Жүнісқан. Кішкентайынан күрмеуі қиын есептерді шешіп шындалған жас қазір өнертапқыш. Ол малшының міндетін меңгерген ақылды дрон ойлап тапқан. Тың технологияны елдің төрт өңірінде 15 шаруашылық пайдаланып отыр. Алыс-жақын шет елдерден де сұраныс бар көрінеді.

Бірдіәлі Жүнісхан, жас өнертапқыш:

- Александр Аркади бірнеше стартап батлдар, конкурстар, хакатондар өткізеді. Бұл бізге арналған үлкен  мүмкіндік. Өз стартабымызды әлемге көрсете аламыз. Бұл тәжірибе жинау үшін үлкен жетістік деп ойлаймын.

Идеялар жарысы қарашада қорытындыланады. Үздік шыққан отызға жуық жоба АҚШ -та өтетін  байқауға жіберіледі.

Авторы: Шернияз Жалғасбекұлы 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz