Бүгін «101» пультіне Қостанай қаласы Урицкого көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде өрт шыққаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды «24KZ» 112 KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына өрт сөндіру жасағы, жедел-құтқару тобы және ТЖМ апаттық медицина орталығының бригадасы жіберілді. Өрттің 5 қабаттағы пәтердің ас бөлмесінде шыққаны анықталды. Оның салдарынан подъездге қалың түтін тарап кетті.
Құтқарушылар баспалдақ арқылы 15 адамды эвакуациялады. Қызметкерлердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт шектеулі аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қостанай #өрт #пәтер #ТЖМPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz