Ақтауда «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында алғаш рет халықаралық чемпионат басталды, деп хабарлайды 24kz.
«TurkicSkills» байқауына Әзербайжан, мажар, қырғыз-түркімен, Түркия, Өзбекстан және Қазақстаннан 70-ке жуық жас маман қатысады. Олар веб-технология, графикалық дизайн, дәнекерлеу, аспаздық өнер тағы басқа құзыреттілік бойынша бақ сынайды. Қатысушылардың кәсіби шеберлігін 90 сарапшы саралайды. Чемпионат аясында білім беру және индустриялық тәжірибе алмасу көрмесі, жастарға арналған нетворкинг, сондай-ақ мәдени шаралар ұйымдастырылады. Түркітілдес елдердің жастары арасында бауырластықты арттыруды көздейтін сайыс 9 қазанға дейін жалғасады.
Ақзира Қасымова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі департамент директорының орынбасары:
- Еліміздің әлемдік аренада білім кеңістігіндегі орнын айшықтайтын үлкен чемпионаттың бірі болып отыр. Бұл жұмысшы мамандықтардың беделін арттырады, сонымен қатар халықаралық стандарттарды біздің оқу бағдарламаларына енгізуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта интернациоландыру аясында колледждердің байланысын күшейтіп, екі дипломды білім беруге көшуге қазір бағытталып отырмыз.
Сайрам Орцихова, сарапшы (Өзбекстан):
- Өзбекстандық жас мамандар «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша бақ сынайды. Сайыс шарты бойынша белгілі бір уақыт аралығында 5 модуль бойынша сән үлгісін әзірлеп шығу керек. Жаһандық сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз.
Тегтер #Ақтау #Жұмысшы мамандықтар жылы #чемпионатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz