RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда «Alem.AI» ЖИ орталығы іске қосылды

06.10.2025, 17:33 366

Астанада «Alem.AI» халықаралық жасанды интеллект орталығы іске қосылды. Орталықта мектеп оқушылары, студенттер, кәсіпкерлер мен ғалымдар зерттеу жасап, стартап жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады. 

Бұл бастама заманауи технологияларға қолжетімділікті арттырады. Жыл сайын мыңдаған маман даярлау көзделген. Бүгінде бұл бағытта оқыту шаралары басталып кетті. Құзырлы министрліктің хабарлауынша, 2029 жылға дейін отандық жасанды интеллект өнімдерінің экспортын 5 млрд долларға ұлғайту міндеті тұр. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға, салаға халықаралық компанияларды тартуға ықпал етпек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz