Атырау облысында жұмысшы мамандар қайта даярлықтан өтіп жатыр. «Теңіз» жобасының үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін біраз адам жұмыссыз қалды.
Мақат ауданының өзінде биыл 800 адам қысқартылған. Қазір 200 тұрғын тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жалпы 2021-2025 жылдары Теңіз кен орнынан 30 мыңға жуық маман қысқартуға ұшырады. Қазір жергілікті билік олардың 80 пайызын өңірдегі ірі мұнай-газ компанияларына жұмысқа кіргізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Сондай-ақ өңірдегі газ химиясы кешені, газ өңдеу зауыты секілді ірі жобаларға қажетті мамандар да жергілікті жерде даярланатын болды.
Азамат Мәмбетов, Мақат ауданының әкімі:
- Доссор мұнайгаз колледжін үлкен зауыттарға басқаруға беру жоспарымыз бар. Қазіргі таңда бір-екі ірі компаниялармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Соның базасында өздеріне қажетті стимуляторлар дайындап, жаттығу техникаларын орналастырып, шетелден мамандар алдырып жатырмыз. Осы іске қосылғаннан кейін, яғни 2029 жылға қарай өзіміздің жерден мамандар дайындап, жұмысқа орналастыруды көздеп отырмыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Атырау #Жұмысшы мамандықтар жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz