Қызылорда облысындағы Шилі және Шитүбек ауылдары орталықтандырылған ауызсу желісіне қосылды.
Бұл мемлекетке қайтарылған активтер есебінен мүмкін болды. Бұған дейін қос елді мекен тұрғындары бұлақ суын тасып тұтынатын. Жалпы ауызсу желісі мәселесін шешу мақсатында Қазалы ауданында құны 1,5 миллиард теңге болатын төрт жоба жүзеге асып жатыр. Оның аясында жыл соңына дейін Сарбұлақ және Шәкен ауылдары да сапалы тіршілік нәріне қол жеткізеді.
Дина Бабашова, Шилі ауылының тұрғыны:
- Судан таршылық көрдік. Құдықтан, бұлақтан суды тасып іштік. Қар қалың болып жүретін. Сол қиыншылықтардың бәрін жеңіп, елімізге су келіп жатыр. Қазір үйімізде краннан су ағып жатыр, қуаныштымыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #су тапшылығы #ҚызылордаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz