Маңғыстау облысының тұрғыны ұлының оқу ақысын төлеймін деп, жаңа көліктің иесі атанды. Гүлнәр Қанарбаева Halyk bank-тен несие алып, Hyundai Tucson автокөлігін ұтып алды.
Бұл «Сыйлық марафоны» акциясы аясында ойнатылған төртінші кроссовер. Енді тағы үшеуі бар. Банк тұтынушылары үшін бұдан өзге де бағалы сыйлықтар ұтысқа тігіліп жатыр. Жаңа темір тұлпардың иесін біздің тілшілеріміз де құттықтап қайтты.
Гүлнәр Қанарбаева Hyundai Tucson жаңа автокөлігінің кілтін алуға отбасымен келді. Ол Halyk қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеген. Сыйлықтар марафонына қатысып жатқанынан бейхабар болған. Алғашында банк қызметкерлері хабарласып, сіз автокөлік ұтып алдыңыз дегенде мүлдем сенбеген. Тек кеңсеге барғанда ғана көз жеткізіпті.
Гүлнәр Қанарбаева, Маңғыстау облысының тұрғыны:
- Науқанға міндетті түрде қатысыңыздар. Біз ешқашан тосын жаңалықтың қай жерден келетінін білмейміз ғой. Халық банкке рахмет осындай көлікке, сыйлыққа. Біздің салоннан алып жатқан алғашқы көлігіміз. Игілігімізге пайдаланайық. Бізге тек тойға бұйырсын. Бұйыртса, Маңғыстауға аман-есен жетейік.
«Сыйлықтар марафонына» Halyk-тан несие алуға өтініш білдірген кез келген адам қатыса алады. Акция 14-желтоқсанға дейін жалғасады. Оған қатысушыларды бас жүлде - көліктен бөлек, саяхатқа жолдама мен жаңа смартфондар күтіп тұр.
Нұрлыбек Сейдахмет, Нalyk bank Маңғыстау облыстық филиалының директоры:
- Ата-ананың баласын оқытамын деген ниеті, ата-ананың баласына берген білімге деген ниеті осындай үлкен сыйлық болып Халық банк арқылы келіп отыр. Сондықтан осы ұтысқа, марафонға барлықтарыңызды қатысуға шақырамын. Оған қатысудың жолы оңай. Тек Халық банктен несие ресімдесеңіз болғаны. Қатысыңыздар, ұтыңыздар. Біз сіздердің тек ұтқандарыңызға қуаныштымыз. Барлықтарыңызға сәттілік, Халық банкпен бірге болыңыздар.
Ал көпбалалы Қанарбаевтар отбасы Алматыдан Маңғыстауға жаңа темір тұлпар мініп қайтты. «Марафон» туралы толық ақпаратты Halyk Bank қосымшасы мен оның ресми парақшасынан білуге болады.
Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Маңғыстау #автокөлік #Халық банк #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz