RU
Толық нұсқаға өту

Ташкентте білікті судьялар корпусын дамыту бойынша халықаралық конференция өтті

07.10.2025, 11:45 349

Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы Ташкентте өткен халықаралық конференцияға қатысты. Жиын жоғары білікті судьялар корпусын қалыптастыру тақырыбында өтті.

Іс-шараны Өзбекстанның Жоғары судьялар кеңесі мен Сот төрелігі академиясы ұйымдастырды. Конференцияға халықаралық ұйымдардың сарапшылары, сот органдарының өкілдері, сондай-ақ Түркия, Ресей, Франция, Қырғызстан, Әзербайжан және Өзбекстанның мамандандырылған оқу орындарының өкілдері қатысты.

Лаура Құрмантаева, ҚР Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының орынбасары:

 - Қазақстанның сот саласындағы тәжірибесі көптеген елге пайдалы болады деп ойлаймын. Бізде үлкен реформалар жүргізілді, олар елдің судьялар корпусын нығайтуға бағытталған. Судьяларды іріктеуде ашықтық, айқындық және объективтілік қағидаттарына негізделген жаңа конкурс өткізу тәсілдері енгізілді. Сондай-ақ үміткерлермен кері байланысты кеңейту және рәсімдерді цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz