Енді келер жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтар жергілікті бюджет есебінен Медициналық сақтандыру жүйесімен қосымша қамтылады. Сондай-ақ 1 миллионнан астам сақтандырылмаған азаматтар ем алуға мүмкіндік алады.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында болған басқосуда айтылды. Сондай-ақ елдің бас дәрігерінің айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғалы ақ халаттылардың жалақысы артып, медициналық қызмет көрсету сапасы жақсарған. Мәселен, соңғы жеті жылда бір адамға арналған медициналық қаржы көлемі 98 мың теңгеден 258 мың теңгеге дейін, яғни, 2,6 есе көбейіпті. Ал медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы шамамен 2,5 есе, оның ішінде дәрігерлердің жалақысы 2,8 есеге артқан. Бұл дегеніміз 159 мың теңгеден 442 мың теңгеге дейін ұлғайды деген сөз.
Сан салаға серпін берген жасанды интеллект жүйесі енді медицинада басқа бағытта да қолданылатын болады. Ақылды жүйе қаржының тиімді жұмсалуына, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге айтарлықтай көмегін тигізбек.
Тегтер #сақтандыру #Үкімет отырысы #медицина қызметкеріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz