RU
Толық нұсқаға өту

Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерді түсіндіру жүріп жатыр

07.10.2025, 22:00 418

Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және дропперлік сынды құқық бұзушылықтар енді қылмыстық іс ретінде қаралады.

Қазір Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулерді түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан алматылық полицейлермен кездесіп осы жаңашылдықтар туралы айтып берді. Сталкинг пен дропперлік туралы норма бұрын ТМД елдерінде болған жоқ. Депутаттар Батыстың тәжірибесін негізге алған. Бұл өзгерістер Мемлекет басшысының жолдауында айтылған «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып жатыр. 

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз батыс елдеріндегідей бірден ауыр бап ретінде кіргізбеуді жөн көрдік. Өйткені бұл жаңа норма, адамдардың санасында әлі қылмыс деген түсінік жоқ. Олар қалыптасқан әдет бойынша, қалыптасқан дағды бойынша сол әрекеттерді жасай беруі мүмкін. Сол себепті мұны біз қылмыстық теріс қылық, дейміз. Ең максимальды жаза шегі 50 тәулікке дейін қамауға алу.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz