RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде 49 ескерткіш заң талаптарын сақтамастан орнатылған

07.10.2025, 22:15 454

Еліміздің он өңірінде 49 ескерткіш заң талаптарын сақтамай орнатылған.

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің фейсбук парақшасында жазды. Министрдің айтуынша, ескерткіш орнату тек ықылас пен ниет емес, ең алдымен тәртіп пен жауапкершілік. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі жүргізген талдауға сәйкес, соңғы бес жылда еліміздің он өңірінде 49 ескерткіш заң талаптарын сақтамай орнатылған. Соның ең көбі -Түркістан  және Қостанай  облысында тіркелген.

Нұрдәулет Сұлтанбек, Түркістан облыстық мәдениет басқармасы тарихи құндылықтарды қорғау бөлімі басшысының м.а.:

- Түркістан облысы бойынша 17 ескерткіш заңсыз орнатылған. Оның ішінде аудан, қала әкімдіктер тарапынан облыстық комиссиға ұсынбағандары бар. Және аудан, қала әкімдіктеріне хабар бермей, жергілікті қоғамдық қордан, жеке тұлғалар есебінен салынып кеткен ескерткіштер де кездеседі.

Ескерткіш-елдіктің белгісі. Сондықтан оны орнатудың тәртібі мен талабы бар. 

Азамат Жолаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитетінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы:

- Монументтік өнер құрылыстары аса көрнекті тұлғаларға, тарихи маңызды оқиғаларды мәңгі есте қалдыру бағытында орналастыратын ескерткіштер, бюсттер, стеллалар. Енді бұл жерде талаптары мысалы, көрнекті  тұлғаның  немесе тарихи оқиғаның мерейтойлық жылдарына қарай орнатылады. Яғни үкіметпен бекітілген мерейтойларды атап өту қаулысына сәйкес. 

Бұдан бөлек ескерткіш  мемлекеттік қоғамға ортақ жерде орналасу керек. Яғни жеке  немесе заңды тұлғаларға тиесілі жер учаскесіне орнатуға болмайды. Ал біздің елде кейбір ескерткіштер жеке меншік аумақтарға қойылғандықтан оның ескерткіш не шағын архитектуралық нысан екені байқалмай қалған. Әрбір жаңа монументалды өнер құрылыстарын орнату жұмыстары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жүктелген.  Сондықтан Айда Балева өз жазбасында мұны қатаң бақылауға алу керек екенін атап көрсеткен.

Скрин:  https://www.facebook.com/aida.balayeva.2025

Ескерткіш орнату тек ықылас пен ниет емес, ең алдымен тәртіп пен жауапкершілік екенін ескеру керек. Әсіресе игі ниетпен қолдау білдіріп жүрген демеушілер, меценаттар бұл мәселені ұдайы назарда ұстаса дейміз. Ал жергілікті атқарушы органдар заңсыздыққа жол бермей, қатаң бақылауға алуы керек.

Заңға бағынбағандар әрине, жазаланады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте монументалды өнер нысандарын орнату ережесін бұзғандарға он айлық есептік көрсеткіштен бастап, 250 айлық есептік көрсеткішке дейін  айыппұл қарастырылған. 

Алуа Маханбет, Айдос Меделбеков, Ерболат Әбішев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz