RU
Толық нұсқаға өту

Мақат ауданында 1600 адам жұмыспен қамтылды

08.10.2025, 08:15 346

Биыл Атырау облысының Мақат ауданында «Бастау-Бизнес» жобасымен 152 адам кәсіпкерлік негіздері курсын оқыды. Бизнес идеясы бар 20 адамға қайтарымсыз грант берілді. Кәсібін бастағандар жұмыс орындарын аша бастады. Жалпы биыл ауданда 1600 адам еңбекпен қамтылды. Олар жергілікті мұнай-газ компанияларына және әлеуметтік жобаларға тартылды. Десек те, аудан бойынша мыңнан аса адам жұмыссыздар тізімінде тұр. 

Мақат кентінің тұрғыны, көп балалы ана Арай Мұратова мемлекеттік қайтарымсыз гранттың арқасында осы шағын цехты маусым айында іске қосыпты. Мұнда ет және құс еттерінен жартылай дайын өнімдер дайындалады. Өтімі жаман емес. Қазір Арай аудан орталығынан тұтынушылар тауып үлгерді. 

Арай Мұратова, грант иегері:

- Қазіргі таңда 8 дүкенді өз өніміммен қамтамасыз етіп отырмын. Алдағы уақытта халықтың көңілінен шығып, мақсатым – тағы да цехтар дүкендер ашу. Қазір мен жұмыссыздықтың жанынан екі адам алып отырмын. Алдағы уақытта тағы да аламын, әлі де көбейтемін.

Аудан бойынша грант жеңіп алған алған 20 адам өз кәсібін бастады. «Мақсатымыз –

қыз-келіншектер арасындағы жұмыссыздықты азайту», - дейді мамандар. Жалпы аудандық Мансап орталығына екі мыңнан астам адам жұмыс сұрап хабарласса, 500 адам тұрақты жұмыс тапты.

 Айбол Бағытов, аудандық Мансап орталығының басшысы:

- Қазіргі таңда біздің ауданда 1000-ға жуық адам жұмыссыздыққа  тіркелгендердің тізімінде. Оның қазіргі таңда 350 ге жуығы белсенді шараларда жүрген азаматтар Қалған 600 дей азаматты алға қарай  тұрақты жұмыспен немесе, осындай мемлекеттік бағдарламалар арқылы белсенді шараларға қатыстыруымыз қажет. 

 Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Атырау облысындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%. Оның басым бөлігі жастардың үлесінде. Биыл өңірдегі жоғарғы оқу орындары мен  колледждердан 5 мыңға жуық жас маман диплом алып шықты. Алдағы 4 жылда жалпыұлттық пул шеңберінде жүзеге асатын 29 инвестициялық жоба аясында 20 мыңнан астам  жұмыс орны ашылмақ. Ал биыл іске қосылған 17 жобаға 2600  адам  тартылған.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Амантай Мәтенов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz