RU
Толық нұсқаға өту

Ең беделді паспорт рейтингі жарияланды

08.10.2025, 17:10 376

Henley & Partners әлдемгі ең беделді төлқұжат рейтингін жариялады. Қазақстан паспорттар индексінде 61-орынға көтерілді. Осылайша, біздің елдің төлқұжаты Орталық Азиядағы ең күшті құжат саналады.

Қазақстан - әлемдегі төлқұжаты ең беделді елдердің бірі. Henley & Partners рейтингінде біздің ел биыл үш сатыға жоғарылап, 61-орынға табан тіреді. Мамандар мұндай көрсеткішке қол жеткізуіміздің бірнеше себебі бар дейді. Ең бірінші - ішкі тұрақтылық. Экономикалық жағдай мен өзге мемлекеттермен терезесі тең саясат жүргізу. Иә, ұлттық бірегейлімізді білдіретін нышан көрер көзге әдемі ғана емес, ресми күшке ие.

Қазір отандастарымыз Ұлттық төлқұжат - 40, дипломатиялық паспортпен - 92,  ал қызметтік паспортпен 70 елге алаңсыз бара алады.

Ырысқали Дәуренбек,  ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары:

- Дипломатиялық және қызметтік паспорт кез келген адамға берілмейді. Дипломатиялық паспортты: дипломаттар, министрлер, Президент әкімшілігінің қызметкерлері қолданады. Яғни олардың саны шектеулі. Оның өзі жай бір іс-сапарға, демалысқа бару үшін ол паспортты қолдануға еш құқы жоқ. Олар тек қызметтік мақсатпен шетелге баратын болса, сонда ғана сол паспортпен сол елге баруға құқылы.

Бірақ шетелдіктер Қазақстан азаматы атануға асықпайды. Ішкі істер министрлігі соңғы жылдары өтініштер күрт төмендегенін байқаған. Ресми статистикаға сүйенсек, былтыр 20 мыңнан астам адам азаматтық алса, соның 77 пайызы - қандас. Бұл жылдағыдан 25 пайызға аз. Оған қоса елде  қос азаматтығы бар 700-ге жуық тұлғаның заңсыз жүргені анықталды. Басым көпшілігі - Ресей, Түркия және Германиядан келген. Оларға әкімшілік жаза тағайындалып, ел аумағынан шығарылды.

Төлқұжат - мемлекеттің мәртебесін растайтын бірегей нышан. Әр адамның амандығын, беделін, құқығын қорғаудың басты кепілі. Сондықтан оған жауапкершілікпен қарау - тұтас елге құрмет көрсетудің белгісі.

Авторлары: Назерке Тоқжан, Мадияр Қындыбаев 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz