RU
Толық нұсқаға өту

Астанада азаматтық қоғамды дамыту бойынша жиын өтті

08.10.2025, 17:48 394

Азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы әріптестікті нығайту. Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстарды тыңдады.

Жиында медиация институтын дамыту, ата-аналар мен отбасыларды қолдау мен жастарды креативті индустрияға тарту жайы қаузалды. Бұл ретте кездесуге қатысушылар бәріне ортақ электронды портал құру ұсынысын тастады. Мұнда жұмыс істеп тұрған үкіметтік емес ұйымдар мен қайырымдылық қорлар жайлы толық ақпарат болады. Яғни қаржыландыру көздері, мемлекеттік тапсырыстар мен жүзеге асырып жатқан жобалары жайлы мәліметтер жайғастырылмақ. Жиында көтерілген бастамалар алдағы уақытта өтетін XII Азаматтық форумда талқылауға шығарылатын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz