Елордада «Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі: инновациялар, қолжетімділік, жаһандану» атты халықаралық конференция өтеді.
Ауқымды іс-шара 13-14 қазан күндеріне жоспарланған. Онда отандық медицинаның жай-күйі мен медициналық туризмді дамыту мәселелері талқыланады. Іс-шараға халықаралық ұйым өкілдері, өңірлік денсаулық сақтау басқармалары, жергілікті атқарушы орган мен жетекші медициналық ұйым басшылары қатысады. Бағдарлама шеңберінде трансшекаралық медициналық көмек, сапа стандарттары, сертификаттау, цифрландыру сынды өзекті мәселелер бойынша тақырыптық сессиялар ұйымдастырылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #медицина #конференцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz