RU
Толық нұсқаға өту

Рудный мекемесі айыппұл төлейді

09.10.2025, 07:30 328

Рудный қаласындағы кәсіпорын ұңғыманың суын рұқсатсыз пайдаланған. Мұны Тобыл-Торғай бассейні инспекторлары анықтады. Енді мекеме 1 млн 600 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тиіс. Бұл инспекция жыл басынан бері салған ең қомақты айыппұл. Жалпы биылдыққа өңірде су заңнамасын бұзған 5 дерек тіркелді. Айыппұл сомасы 2 млн 300 мың теңгеден асады. Инспекция басшысының айтуынша, жаңа Су кодексі күшіне енгелі инспекторлардың батыл әрекет етуіне мүмкіндік туды.

Алмат Әбжанов, Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясының басшысы:

- Жаңа Су кодексіне енгізілген қадағалау өкілеттіктері азаматтардың өтініші, су заңнамасын бұзу туралы ақпарат және мониторинг нәтижесі бойынша жедел әрекет етуге мүмкіндік берді. Инспекторлар оқиға орнына дереу барып, заңбұзушылық расталған жағдайда әкімшілік айыппұл сала алады. Бұл заңсыз су алуға және судың "қара нарығына" қарсы тиімді күрес жүргізуге жол ашты. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz