RU
Толық нұсқаға өту

Тарихта тұңғыш рет қазақстандық әйел ғарышқа ұшты

09.10.2025, 09:05 543

Кәсіпкер Данна Қарағұсова Blue Origin компаниясының New ShepArd зымыранымен орбитаға көтеріліп, жерге аман-есен оралды.

АҚШ-тың Техас штатынан шыққан ғарыш кемесі 107 шақырым биіктікке жеткен. Сапар 10 минут 21 секундтқа созылды. Бұл оқиғаның бір ерекшелігі, миссия эмблемасында Қазақстан таулары бейнеленіп, Дана Қарағұсованың туған жеріне құрмет көрсетілді. 

Отандасымызбен бірге ғарышқа америкалық франчайзинг маманы Джефф Элджин, инженер Клинт Келли ІІІ, ІТ кәсіпкер Аарон Ньюман, фармацевтикалық компания басшысы Уильям Льюис және израильдік кәсіпкер Виталий Островский ұшқан. Жалпы миллиардер Джеф Безостың компаниясы осыған дейін 14 миссия орындап, 70-ке жуық адамды ғарыш кеңістігіне көтерген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz