RU
Толық нұсқаға өту

Майнинг фермаларын тіркеу үрдісі

09.10.2025, 13:45 342

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, елімізде майнинг бойынша осы уақытқа дейін 90 компанияға лицензия беріліп, 20-ның қызметі тоқтатылды. Ал 70-сі бүгінде заңды түрде жұмыс істейді. Цифрлық активтер өндірісінде лицензия екі түрде ұсынылады.

Дата-орталық иелеріне берілетін лицензия құны екі мың айлық есептік көрсеткішті құрап, үш жылға дейін жарамды болса, жабдықты жалға алуға қатысты лицензия бағасы небәрі бес айлық есептік көрсеткішке тең. 

Бұл ретте олар аккредиттелген пулдар арқылы ғана жұмыс істеп, өндірілген активтердің бір бөлігін «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы сатуы қажет. Ал салықтық төлемдерге келер болсақ, жыл сайын криптоқаржыға салынатын салық мөлшері ұлғаюда.

Мәселен, 2022 жылға дейін майниг қызметі салықтан мүлдем босатылса, дәл сол жылы әр киловатт-сағатқа бір теңге көлемінде салық көзделді. Ал бір жылдан соң электр энергиясының бағасына байланысты бір теңгеден 25 теңгеге дейінгі аралықта прогрессивті салық мөлшерлемесі енгізілді.

2024 жылдан бастап есептеуді жеңілдету мақсатында әр киловатт-сағатқа тұрақты түрде екі теңгелік мөлшерлеме белгіленді. Айта кеткен жөн, соңғы үш жылда майнинг саласынан бюджетке 17 млрд теңгеден астам қаржы түскен, оның 11 млрд теңгесі салықтардан құйылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz