Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин да Ұлттық құрылтай мүшелерімен бірге «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясына қатысты.
Шара былтыр Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, бүгінде жалпыхалықтық сипатқа ие болды. Ұлттық құрылтай мүшелері Астанамен қатар Алматы қаласында да ағаш отырғызды.
Ұлттық құрылтай мүшелері «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, бұл бастаманың қоғамды біріктіруде әрі экологиялық мәдениетті дамытуда маңызы зор екенін атап өтті. Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин акцияға қолдау білдірген Ұлттық құрылтай мүшелеріне алғыс айтып, «Таза Қазақстан» - еліміздің идеологиялық платформасының маңызды құрамдас бөлігі екенін еске салды.
Диқан Қамзабекұлы, «Еgemen Qazaqstan» басылымының бас директоры, Ұлттық құрылтай мүшесі:
- «Таза Қазақстан» акциясы бір сенбілікпен немесе бір аймен ғана есептелмейтінін өздеріңіз көріп отырсыздар. Бұның арғы жағында еліміздің, қаламыздың тазалығы бірігіп отыр. Бұл кешенді қарайтын және елдікпен байланысты бүгінгі біздің ағаруымыз бен тазаруымыздың, білігіміз бен білімімізді, тәжірибемізді қостыратын акция болып отыр.
Мемлекеттік кеңесші осындай маңызды бастама елімізге, қоршаған ортаға жауапты әрі ұқыпты қарауға шақыратынын, қоғамдағы әдеп мәдениетіне оң әсер ететінін жеткізді. «Таза Қазақстан» - жаңа қоғамдық этика мен әдеп мәдениетін қалыптастырудың негізіне айналып отыр.
Қазыбек Дәуітәлиев, Ұлттық құрылтай мүшесі:
- «Таза Қазақстан» - тек қаланы таза ұстау емес, ниеттің де тазалығы. Бұл үлкен идологиялық концепт. Бүгінгі таңда жаңа қоғам құру барысындағы негізге алынып отыр. Біз бір қоғамда, біртұтас елде өмір сүріп жатқандықтан ортақ құндылықтарымыз бар, қоғамға пайдалы дүниелерді бірлесіп істеуіміз керек.
Жыл басынан бері ел бойынша жалпы 1200-ге жуық экологиялық іс-шара өтті. Онда 2,5 млн-ға жуық ағаш отырғызылды.
Авторы: Рухани Әбдірахман
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ерлан Қарин #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz