Елде саз аспаптарының одағы құрылды. Бірлестік басшысы болып айтыскер ақын, қолөнер шебері Еркебұлан Қайназаров тағайындалды.
Бұл алаң шеберлердің басын біріктіріп, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға жұмыс істемек. Жаңа ұйымның алғашқы құрылтайы Қосшы қаласында өтіп, онда ұлттық аспаптар мен дәстүрлі өнерпаздардың мәселелері қаузалды. Алдағы жұмыс жоспары талқыланды.
Жолаушы Тұрдығұлов, шебер:
- Құдай қаласа бүкіл қазақ шеберлерінің мұң- мұқтажын айтатын, шеберліктің жолын әрі қарай жалғастыратын, соған байланысты үлкен мәселелерді шеше алатын үлен одақ болады деп ойлаймыз. Өйткені бұрынғы кезде әр шебер өз алдына жеке-жеке мұңын айта алмай, күн кешіп жатты ғой.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қосшы #шеберлер #өнерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz