Шымкентте екі мыңнан астам жас маман жұмыспен қамтылады.
Оқу орындарын тәмәмдаған түлектер білім, медицина және өндіріс салаларын таңдаған. Өңірдегі өндірістік орындары мен мемлекеттік мекемелерде кадр тапшылығын жою үшін бюджет есебінен тағы мыңнан аса адамды жұмыспен қамту үшін қаржы бөлінді.
Ислам Әбдуғалимов тоқыма станогының тоқтаусыз жұмыс істеуіне жауапты. Жас маман мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігін тиімді пайдаланып, теориялық білімін тәжірибемен ұштастырды. Бағдарлама аясында жұмыс процесіне тез бейімделіп, өндірістің қыр-сырын меңгеріп алды.
Ислам Әбдуғалимов, тоқыма операторы:
- Басқа жұмыстарға қарағанда қызық. Бір орында тұрмайсың. Отырып істейтін жұмыс емес. Постоянно қимылда болғаннан кейін сол үшін ұнайды маған. Бәрі автоматты түрде. Әлі де біздің білмейтініміз көп. Соларды көріп, үйренуге әрекет жасаймыз.
Кілем фабрикасының өкілдері де оқу орындарымен орнаған әріптестіктің пайдасы мол екенін айтады. Өйткені жеңіл өнеркәсіп саласында маман тапшылығы байқалады. Сондықтан «Өндіріс пен білім саласының тығыз байланысы білікті кадр даярлауға мүмкіндік береді», - дейді.
Альбина Ғалиулина, кадр бөлімінің жетекшісі:
- Мемлекет тарапынан айлықтарының бір бөлшегі төленеді. Бізге ол үлкен қолдау болып табылады. Жастар практикасының уақыты біткеннен кейін осы жерге тұрақты жұмысқа алып қаламыз. Сол 1 жылдың ішінде олар дайын болып пісіп шығады.
Мансап орталығында бағдарлама қатысушыларының жұмыспен қамтылуына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Талдау қорытындысына сәйкес, былтыр жолдама алған түлектердің 65% алғашқы еңбек өтілін бастаған. Биыл 1,5 мыңнан астам жас тәжірибе жинақтап, сұранысқа ие салаларға ынта білдіріпті.
Жанат Оспанханова, қалалық мансап орталығының басшысы:
- Қазіргі таңда көбіне мемлекеттік мектептер сұранысқа ие. Балабақшалар, құрылыс саласы, ауыл шаруашылық саласы, өндіріс саласы жағынан көптеп сұранысқа ие болып жатады жұмыс берушілер тарапынан.
Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына педогог, тәрбиешілерден бөлек әлі де инженер, механиктер, дәнекерлеушілер мен тігіншілерге сұраныс жоғары.
Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:
- Биыл 2250 маман «Жастар практикасы» бойынша жолдама алады. Сондықтан жұмыс тәжірибесі жоқ тағы мыңнан астам адамның өтініші қаралмақ. Бұл бағдарлама еңбек нарығын реттеп, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді деп отыр сала мамандары.
Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Мұсатов
Тегтер #Шымкент #жұмыс #бейімділік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz