RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысы Ақсуат ауданында мәдениет үйі салынып жатыр

12.10.2025, 09:15 419

Абай облысы Ақсуат ауданында 15 жыл бұрын табиғи апат салдарынан бүлінген инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандар жөнделіп, елді мекен жаңа келбетке ие бола бастады. 

Қазір ауылда 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы облыста  31 мәдениет үйі мен 100 ауылдық клуб бар. Одан бөлек 5 жаңа мәдениет нысаны бой көтереді. Барлық жұмыстар өңірдің әлеуметтік-мәдени саласын дамытуға, ауыл халқының өмір сапасын арттыруға бағытталған, дейді мамандар.

Нұржауған Өртбаева, Көкжыра ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы:

- Су тасқыны кезінде мәдениет үйі де су тасқыны салдарынан бұзылып жаңа ауыл салынды. Жаңа ауыл салынғалы бері міне он бес жыл өтті. 15 жылдан кейін міне бізге мәдениет үйі салынып отыр. Қуаныштымыз, бізді қолдап осындай мәдениет үйін салып беріп отырған облыс басшылығына рақмет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz