RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда Марат Барманқұлов атындағы телестудия жаңғыртылды

12.10.2025, 19:18 566

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор Марат Барманқұлов атындағы телестудия жаңғыртылды. Журналистика факультетінде өткен тұсаукесер салтанатына сала ардагерлері, оқытушылар мен студенттер жиналды.

Жоғары оқу орнының жаңа өндірістік базасы заманауи техникамен жабдықталды. Енді студенттер жаңа студияда түрлі бағдарлама мен подкаст түсіре алады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Марат Барманқұлов 1966 жылы Қазақстандағы теле-радио журналистиканың негізін қалады. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Журналистика факультетінің телевизиялық зертханасы мен телерадио журналистика кафедрасын құрды.

Қанат Әуесбай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы:           

- Марат Барманқұлов телестудиясы 1966 жылы профессордың өзінің тікелей бастамасымен ашылған болатын. Кейін 2009 жылы телестудияға Марат Кәрібайұлының есімі берілді. Мұнда біздің білім алушыларымыз оқу-өндірістік базасы ретінде зертханалық жұмыстарын, семинарларын, түсірілімдерін түсіріп, яғни теориялық білімін практикалық машықтармен бекіте алады.

Намазалы Омашев, Филология ғылымдарының докторы, профессор:

- 1950 жылдары телеарна ашылды. Сонда телеарна дегеннің аты болмаса басқасын білмейміз. Республикада соның журналистикасын қалыптастырған, дәріс берген Марат Кәрібайұлы болды. Ол кісінің беделі тек республика емес, орталықтың өзінде керемет еді. Сол кездегі журналистикаға қойылатын талаптың бәрін орындады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz