Полиция қазақстандықтарды жол ережесін бұзу туралы жалған хабарламалардан сақ болуға шақырады. Себебі елде интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Алаяқтар әуелі адамдардың электронды поштасы мен мессенджерлеріне хат жолдап, айыппұл төлеуге арналған сілтемені жібереді. Азамат әрі қарай кіріп, банк картасын енгізген жағдайда кибералаяқтар оның есепшотына толықтай иелік етеді. Кей жағдайларда вирус тарап, тұлғалардың жеке ақпараттары ұрлануы мүмкін. Сондықтан полиция ресми айыппұлға қатысты хабарламалар тек 1414 нөмірінен келетінін ескертеді.
Тегтер #Заң мен тәртіп #полиция #интернет алаяқтық #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz