RU
Толық нұсқаға өту

«Береке fest» акциясына кәсіпкерлер қолдау көрсетіп жатыр

14.10.2025, 20:00 362

Республикалық «Береке Fest» акциясына батысқазақстандық кәсіпкерлер де белсенді қолдау танытуда.

Акцияға өңірдегі 8 ірі сауда желісі қосылған. Сауда үйлерінде жергілікті тауар өндірушілер үшін арнайы сөрелер қойылды. Әлеуметтік маңызды тағамдардың 19 түрінің бағасы төмендетілді. Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілдері сауда нысандарын күн сайын  аралап, бағаны бақылайды. Өнім құнына заңмен белгіленген үстемақыдан артық қосқаны үшін 166 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды.

Эльмира Қиматова, Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:

- Акция 31 қазанға дейін созылады. Біз бірінші кезекте қажет тауарлар бағасын бақылауда ұстаймыз. Соның ішінде әлеуметтік маңызды тағам түрлері. Бұл қазақстандық тауарлардың танымалдылығын арттырып, отандық өнім өндірушілердің оң имиджіне  ықпал етеді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz