RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу облысында сумен қамтуға ₸478 млн бөлінді

15.10.2025, 10:30 405

Жетісу облысындағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға және құрылыс жобаларына Арнаулы мемлекеттік қордан 478 млн теңге бөлінді. Жоба шеңберінде Алакөл ауданының Қоңыр ауылында ұзындығы 17 шақырым су желісін тарту және Қаратал ауданының Ұмтыл ауылында 4,8 шақырым құбыр жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде мыңнан астам ауыл тұрғыны ауызсумен қамтылады. Биыл өңірде бұл бағытта жалпы 18 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жыл соңына дейін 329 ауыл мен шамамен 697 мың облыс тұрғынын ауых сумен қамту жоспарда бар. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz