RU
Толық нұсқаға өту

Астық экспорты рекордтық деңгейге жетті

16.10.2025, 17:12 318

Қазақстаннан шетелге шығарылатын астық көлемі рекордтық көрсеткішке жетті. Былтыр қыркүйектен бастап биылғы тамыз айына дейін 13,3 млн тонна өнім экспортталған.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 45%-ға артық. Нақтырақ айтсақ, 10,2 млн тонна. Бұл туралы бүгін Мәжілістің аграрлық мәселелер бойынша өткен комитет отырысында айтылды. Жиында Орта Азия елдеріне жөнелтілетін астық бойынша көрсеткіш жақсарғаны белгілі болды. Мәселен,  Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан мемлекеттеріне тасымалданатын өнімдер 34%-ға өсіпті. Қазақстан темір жолы компаниясы астықтарды шетелге шығару үшін вагондар саны да жеткілікті деп отыр. Журналситердің сауалына жауап берген ҚТЖ өкілі экспорт тасымалдауды уақытша тоқтатқан Ақтау порты туралы да айтты. Еске салсақ, бір апта бұрын мұнда кемелердің біркелкі емес кіруіне байланысты астық вагондары жиналып қалған болатын. Жауаптылар бұл проблема алдағы аптада реттелуі мүмкін деді.

Ғани Есенбаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы филиалы директорының орынбасары:

- Ақтау портуында болып жатқан қиындықтар уақытша мәселе. Бұл жылда болып тұратын жағдай. Бұған дейін терминал мен кіреберістерде тұрған вагондар саны 700 еді. Қазір Көлік министрлігі, Ауыл шаруашылығымен бірлесіп жүргізген жұмыстардың нәтижесінде вагондар саны 150-ге дейін азайды. Бірақ терминалдың барлығы түгелдей толып тұр. Қазан айының 20-сынан кейін бұл мәселе кезең кезеңімен шешіледі деп күтілуде. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz