Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.
Мемлекеттік сыйлықтарға үміткер ретінде барлығы 23 жұмыс ұсынылды. Алдын ала іріктеуден кейін екінші кезеңге алты жұмыс өтті. Комиссия жұмыстарды қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысын тыңдау нәтижесінде тиісті ұсынымдар әзірледі. Мұндай сыйлыққа ие болу ғылым мен техника саласындағы қайраткердің еңбегі жоғары деңгейде мойындалғанын білдіреді. Әрі білімнің жаңа саласын немесе жаңа бағытты ашқан ғылыми жаңалықтарға, сондай-ақ еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет нәтижелері үшін беріледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ерлан Қарин #ғылым #технологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz