RU
Толық нұсқаға өту

Үлбі өзені қоқыстан тазартылды

16.10.2025, 21:40 398

Өскеменде саябақтар мен демалыс аймақтарын тәртіпке келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында студенттер мен «AMANAT» партиясының мүшелері Үлбі өзені жағалауындағы орман алқабын тазалады. Белсенділер жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтарды шығарып, тұрғындардың сүйікті демалыс орнының келбетін жаңартты. Бұған дейін олар Ертіс өзенінің жағалауындағы аллеяны көгалдандырып, 100-ден астам қылқанжапырақты ағаш көшеттерін отырғызды.

Жансая Қаныбева, «AMANAT» партиясы ОФ бөлім меңгерушісі:

- Акция қазіргі кезде өте белсенді жүргізіліп жатыр. Барлық азаматтарды өлкемізді таза ұстауға, осындай іс-шараларға қатысуға шақырамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz