Атырауда «Таза Бейсенбі» акциясы аясында «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері тазалық жұмыстарын жүргізді.
50-ден аса белсенді жас Жайық өзенінің жағасын тазалап, жарты тонна қоқыс шығарды. Сондай-ақ балықшылар мен демалушыларға қоршаған ортаның тазалығы мен табиғатты қорғаудың маңызын түсіндірді. Экологиялық акция облыс орталығында ғана емес, әрбір ауданда апта сайын өткізіледі. «Тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда экоакцияның маңызы зор»,- дейді іс-шараға қатысушылар.
Жарас Мұхамбетов, студент:
- Жыл сайын осылай келіп тұрамыз. Өзен жағасын тазалаймыз. Мысалы, қазір қағаздар мен пакет, бөтелке секілді қоқыс заттарды тазалап жатырмыз.
Абылай Құрметұлы, «Жастар рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы:
- Ең таза жер – жиналған жер емес, шашылмаған жер деп білемін. Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» идеологиясы бар. Сондықтан экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жоғары деңгейде дамытудың нәтижесі бар. Жалпы жастардың «Таза Қазақстан» жобасына, жалпы қоршаған ортаны қорғауға деген құлшынысы өте жоғары.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таза Қазақстан #экологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz