«Республика күні» ел егемендігін айшықтайтын айрықша мереке.
1990 жылы 25 қазанда тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде қалыптасуға алғашқы қадам жасалды. Осыған байланысты Шымкентте оның мән-маңызын дәріптеуге арналған онкүндік жоспар бекітілді. Тарихи-танымдық жиындар мен көрме-жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Сондай-ақ салтанатты іс-шара мен концерттік бағдарлама өткізіледі. Ал қала тұрғындары Ұлттық мерекенің шығу тарихын біле ме? Оның маңыздылығын қалай түсінеді? Осы сұрақтардың жауабын білу үшін көпшілік арасында сауалнама жүргізілді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #республика күні #сауалнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz