RU
Толық нұсқаға өту

Елорданың «Жасыл белдеуіне» 7,5 мың ағаш отырғызылды

20.10.2025, 19:42 400

5 жыл ішінде «Семей орманы» резерваты, Іле-Алатау ұлттық паркі және Астананың «Жасыл белдеуіндегі» орман алқаптарына 4 миллионнан астам қарағай көшеті отырғызылады.

Мыңдаған гектар жерді жасыл желекке айналдыру – Тимур Құлыбаевтың «Халық» қайырымдылық қорының бастамасымен биыл қолға алынған,, «Halyk орманы» жобасының мақсаты. Бастама аясында елорда іргесінде 7 жарым мың түп ағаш отырғызылды. 

Бұл - елорданың «Жасыл белдеуі» аумағындағы Вячеслав орманшылығы. «Halyk орманы» жобасының биылғы ағаш егу маусымы осы жерде қорытындыланды. Қайырымдылық қорының қолдауымен алғашқы лекте 3 гектарына көшет егілді. Ал 5 жылда 100 гектары қамтылады.

Сағынбек Шүңкеев, «Halyk» қайырымдылық қорының директоры:

- Әлеуметтік жобаларға 2016 жылдан бері 85 млрд теңге бөлінген болатын. Биылдан бастап экологиялық жобаларға яғни «Халық орманы» жобасы аясында 1 млрд теңге бөліп, оған 4 млн көшет ағаш отырғызғалы жатырмыз. Оны Абай облысы, Іле Алатау және Жасыл аймақ аумағында салғалы жатырмыз. Бұл экологиялық жағынан қарағанда жақсы үлкен бастама деп ойлаймыз. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр.

Экологиялық бастаманы қолдауға еріктілер, оқушылар, студенттер және өзге де табиғат жанашырлары атсалысты. Орман шаруашылығының мамандары алқап алдын ала зерттеліп, көгалдандыру науқанына дайындалғанын жеткізді. Болашақта бұл жерде алма ағаштары да жайқала өседі.

Мұхит Рамазанов, «Жасыл аймақ» РМК бас директоры:  

- «Халық орманымен» бізде келісімшарт бар. Біріншіден, бұл кісілер Экология министрлігімен меморандум жасады. Келесі жылға жоспарланған ағаш отырғызу көлемі - 43 гектарды құрайды. Биылғы күзде 3 гектары, келесі жылға 40 гектары. Солай 5 жылда 100 гектар жерге ағаш отырғызамыз.

Елдегі орман алқаптарын қалпына келтіріп, жасыл желек аумағын ұлғайту – «Халық орманы» жобасының басты міндеті. «Халық» қайырымдылық қоры оған 1 млрд теңге бөлді. 2027 жылға дейін әр өңірдің табиғи ерекшелігіне сай қарағай мен балқарағай секілді басқа да ағаш түрлері егіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, еліміздің орман қорында 2 млрд түп ағаш егу жоспарланып отыр.

Авторлары: Рухани Әбдірахман, Ержан Қанапияұлы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz